Қарағанды облысында 12 жүк вагоны аударылып, далада қаптар шашылып қалды

Сурет: Zakon.kz
Теміржол қозғалысы тұралап, жолаушылар тасымалдайтын алты пойыз кестеден кешікті. Аударылған 12 жүк вагоны шойын жолдың бір бағыттағы рельсін талқандап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz

«Қазақстан теміржолы» компаниясының мәліметінше, Ауғанстанға бағыт алған вагондарға астық тиелген. Жұмысшылар далаға шашылған қаптарды жинап әуреге түсті. Қазір шойын жол жөнделіп жатыр. Апатқа вагондардың бірінің бүйір рамасының сынуы себеп болған деген болжам бар, делінген КТК телеарнасының жаңалығында.

Павлодар-Шымкент, Орал-Алматы, Алматы Петропавл, және Алматы мен Шымкенттен Елордаға қатынайтын пойыздар кідіруге мәжбүр болды.

«Қазақстан теміржолы» компаниясындағылар бүлінген шойын жол жақын арада ауыстырылып, қозғалыс жандандырылады деп сендіреді.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін