Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ниязов ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Қаржы мониторингі агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовты қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл ақпаратты Маңғыстау обылысы бойынша экономикалық тергеу департаменті жариялады.

Ниязов өңірге сұйытылған газ жеткізуге жауапты болған.

Сот Ниязовқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.Маңғыстау обылысы бойынша экономикалық тергеу департаменті

Еске салсақ, қаңтардың басында Жаңаөзен қаласында сұйытылған газ бағасы күрт өскен еді. Жергілікті тұрғындар газ бағасына наразылық танытып, шеруге шықты. Бейбіт шерудің соңы «қаңтар трагедиясына» ұласты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды