«Дикий Арманның» адамдары 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстаған – Бас прокуратура

Бұл туралы Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы мәлімдегендей, қазіргі таңда 18 ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі, адам өлтіру, ұрлық, тонау және қарақшылық жасағаны үшін бұрын сотты болған 21 тұлға ұсталды. Олардың қатарында «Дикий Арман» лақап атымен танымал Жұмагелдиев және оның топ мүшелері де бар.

Оның қаруланған адамдары кездейсоқ өтіп бара жатқан 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстаған. Оларды бір жерден екінші жерге апарып, ұрып-соққан, салдарынан бір адам қаза болды.Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ожаров Ризабек

Ризабек Ожаровтың хабарлауынша, қарақшылар 12 қалалық ауруханада полиция қызметкерін қатты соққыға жығып, қызметтік қаруын тартып алған. Осы фактілер бойынша қылмыстық істер тергеліп жатқаны айтылды.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Жұмагелдиев босатылған немесе оны белгісіз бағытта алып кеткен» деген түрлі болжамдар мен жалған ақпараттар таратылуда. Егер басында полиция бұл азаматты заңсыз қару сақтағаны үшін ұстаған болса, қазір оған қатысты жаппай тәрітіпсіздіктер бойынша іс тергеліп жатқанын ресми түрде хабарлаймын.Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ожаров Ризабек

Қазіргі кезде арнайы прокурор екі қылмыстық істі біріктіріп, өз тергеуіне алды.

Сондай-ақ прокурор Жұмагелдиевтің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторына ауыстырылғанын хабарлады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: