Атырау облысында газ желісі ұйымына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті монополиялық үстем жағдайды теріс пайдалану, монополиялық жоғары баға белгілеу белгілері бойынша «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС газ желісі ұйымына қатысты тексеруді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz

Бәсекелестіктің жай-күйін талдау нәтижелері бойынша «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС Атырау облысының географиялық шекараларында сұйытылған мұнай газын қайталама-көтерме саудада өткізу нарығында үстемдік құрып келгені анықталды.

Аталған газ желісі ұйымының қызметіне Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті де тексеру жүргізді және оған өңірдің Монополияға қарсы департаментінің маманы қатысты. Тексеру нәтижелері бойынша 2019-2021 жылдары монополиялық жоғары бағаларды белгілеуге қатысты монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілері анықталған.

Тексеру нәтижелері негізінде Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-не қатысты қылмыстық іс қозғады, осыған сәйкес мемлекет бюджетіне монополиялық кірісті алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

Монополияға қарсы департамент те «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-не қатысты тергеуді жалғастыруда, өйткені тексеру 2017-2021 жылдар аралығы бойынша жүргізіледі.

Агенттіктің мәлімдеуінше, сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізу кезінде монополиялық жоғары бағаларды белгілеу фактілері анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-не қатысты тиісті шаралар қабылданады.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады