Түркістан полицейлері 20 күн іздеген әйел Нұр-Сұлтаннан табылды

Сурет: Zakon.kz
Осы жылдың 20 қаңтарында үйінен белгісіз бағытқа қарай шығып кетіп, із-түссіз жоғалған әйел Нұр-Сұлтан қаласынан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Түркістан облысының тұрғыны 2022 жылдың 7 ақпанында әйелінің із-түссіз жоғалып кеткенін айтып, полицияға арызданған.

Арыз түсе салысымен сақшылар толық құрамда жұмылдырылып, іздеу жұмыстарын жүргізді. Полицейлер әйелдің баруы мүмкін деген орындарды тексеріп, таныстары арасында сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Жан-жаққа, яғни еліміздің облыстары мен қалаларына бағыттамалар жіберді. Із-түссіз жоғалу жайты болғандықтан, еріктілер де тартылды.Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Тәртіп сақшылары жоғалған әйелдің айрықша белгілерін жазып, суретімен бірге бұқаралық ақпарат құралдарына жолдаған. Сонымен қатар әйелдің іздестіріліп жатқандығы туралы ақпарат Түркістан облысы полиция департаментінің әлеуметтік желідегі парақшаларында да жарияланды.

Нәтижесінде із-түссіз кеткен әйел табылды. Ол Нұр-Сұлтан қаласында, дін аман. Полицейлер әйелмен байланысқа шығып, күйеуінің жоғалу жайты бойынша арызданғанын жеткізді. Оған заң аясында тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Табылған әйел ешкімге қояр арыз-шағымы жоқ екенін, Нұр-Сұлтанда аман-есен тұрып жатқанын жеткізді.Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Кейін белгілі болғандай, әйел күйеуімен болған отбасылық жанжалға бола, жақындарына айтпай астанаға кетіп қалған.     

Түркістан облысының полицейлері жоғалған келіншекті табуға атсалысып, іздеу жұмыстарына қатысқан барша жандарға алғысын білдірді.

Қазақстан
Түркістан
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Конституциясы – Қуатты, Озық, Өркениетті Қазақстанның жаңа Жарғысы