«Қан қосылған мандариндер» туралы ескі фейк желіде қайта тарап жатыр

Сурет: CC0
Құрамында біреудің қаны болғандықтан емес, ерекше түсіне байланысты бұл жеміс осылай аталып кеткен. Мұндай түс құрамындағы антоцианиндердің әсерінен болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Мутацияланған қан» қосылған мандариндер туралы ескі фейк WhatsApp-та қайта тарап жатыр. Бұл дақпырт 2020 жылдан бері желіде жүр, делінген Stopfake хабарламасында.

Cуретте қызыл немесе «қанды» апельсин көрсетілген. Шын мәнінде, құрамында біреудің қаны болғандықтан емес, ерекше түсіне байланысты бұл жеміс осылай аталып кеткен. Мұндай түс құрамындағы антоцианиндердің әсерінен болады – бұл қызыл, күлгін және көк жемістері, гүлдері немесе жапырақтары бар өсімдіктерде кездесетін түрлі-түсті өсімдік глюкозидтері.

Басқа цитрус жемістері сияқты қызыл апельсиндер де С, А дәрумендеріне, темір мен кальцийге бай. Олар мүлдем қауіпсіз және оны кәдімгі апельсиндер сияқты жеуге болады.

Бұл жемістер десерт, сусындар және ыстық тағамдар дайындау үшін қолданылады. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді