Жезқазғанда дәрігерлер ине жұтып қойған баланы аман алып қалды

Сурет: pixabay
Қарағанды ​​облысында он жасар бала ине жұтып қойды. Мұны ата-анасына айтудан қорыққан бала екі күн бойы инемен жүрген, деп хабарлайды Zakon.kz

Оқиға Қаражал қаласында болған. «Patriot» Telegram арнасының хабарлауынша, ине асқазанға кептеліп қалған. Қорыққан бала мұны ата-анасына екі күннен кейін ғана айтқан. Ата-анасы ұлын дереу жергілікті ауруханаға апарып, хирургтар баланы тексерген соң, Жезқазған ауруханасына жатқызу ұйғарылған.

Кішкентай науқас ішінің ауырғанына шағымданды. Қарапайым рентгенография асқазан-ішек жолдарында бөгде зат бар екенін көрсетті. Эзофагофиброгастродуоденоскопиямен (ЭФГДС) тексеру кезінде бөтен зат асқазанның антральді бөлігінде екені анықталды.Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы

Дәрігерлер инені эндоскопиялық жолмен алып тастады. Қазір баланың жағдайы жақсы.

Қазақстан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды