Жарылыс салдарынан 1963 жылы туған от жағушы оқиға орнында қаза тапты.
Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Қызметкерлер сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысын жүргізіп жатыр. Барлық мән-жай тергеу барысында анықталады. Қылмыстық-процестік кодекске сай бұл фактіні тексеруге екі ай уақыт берілген.Сайрам аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Алмат Абидинов
Айта кетейік, жарылыстан оқушылар мен мұғалімдер зардап шеккен жоқ. Жарылыс кезінде олар қазандықтан 20 метр қашықтықта орналасқан көрші ғимаратта болған. Оқиғадан кейін оқушылар үйіне жіберілді. Қатты жарылыстан металл қазан жарылып кеткен. Мектеп оқушылары жылумен қамтамасыз ету жолға қойылғанша онлайн оқитын болады.
Марқұмның отбасына көмектесеміз. Заң бойынша барлық өтемақы төленеді. Бұған дейін мектепті газбен жылытуға көшу мәселесі көтерілген еді.Сайрам аудандық Даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлжан Сапарбеков
Алдын ала болжам бойынша, Ошақты ауылындағы мектепте болған жарылысқа жылытуға пайдаланылған сапасыз көмір себеп болуы мүмкін. Нақты себебі сараптамадан кейін белгілі болады. Сонымен қатар осы жылы мектепті газға қосу жоспарланып отыр.
Ошақтыға газ тартылып қойғанмен мектептің өзі әлі газға қосылмаған. Мораторий болған, қазір әлеуметтік нысандарды газға қосуға рұқсат берілді. Биыл көктемде Ошақтыдағы мектепке газ тартуды жоспарлап отырмыз.Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев
Еңбек инспекциясы от жағушының өлімін де тексерді.