Алматы облысында республикалық жолдың бір бөлігі жабылды

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Үшарал-Достық» республикалық тас жолы көліктің барлық түрі үшін жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ және «Қазақавтодор» ЖШС Алматы облыстық филиалдарының есебіне сілтеме жасап, Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

18 ақпанда сағат 09:00-ден бастап ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (күшті боран, жол көрінбеуі) республикалық маңызы бар Үшарал – Достық тас жолында (84-тен 184 шақырымға дейін – Көктұма ауылы – Достық ауылы) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды, – делінген хабарламада.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға осы бағытта жол жүруден бас тартуды және 112 қызметі таратқан SMS хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды өтінді.

Ұзақ сапарға шыққанда ауа райы болжамын тексеріп, экстремалды жағдайларда көмектесетін барлық қажет затты өзіңізбен ала жүріңіз. Олар: үрлеу шамы, кабель, дөңгелектерге арналған шынжыр, күрек, парафин шырағы, сонымен бірге жылы киім, тамақ және су. Қарлы боран немесе қатты аяз кезінде көлігіңіз елді мекеннен алыс жерде немесе сізге бейтаныс жерде тоқтап қалса, көлікте қалғаныңыз жөн. Жол бойымен басқа көлік өткенін күтіңіз немесе «101» және «112» байланыс нөмірлеріне қоңырау шалыңыз.Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті

Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі қала шетінде тас жолда, әсіресе қыс мезгілінде болатын келеңсіздіктерге қалай дайындалу керек екенін айтқан еді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Конституциясы – Қуатты, Озық, Өркениетті Қазақстанның жаңа Жарғысы