БҚО да бірқатар жол учаскесі жабылды

Сурет: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар жол учаскесі жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz
БҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметі бойынша, 20 қаңтарда жергілікті сағат 11.30-дан бастап облыстық маңызы бар Чапаев – Жаңақала – Сайқын (0-337 км), Ақсай – Жымпиты (38-159 км) жолдарында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды. Оған қатты боран салдарынан жолдың көріну деңгейінің нашарлауы себеп. Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады.

Сонымен қатар ауа райының жақсаруына орай «ҚазАвтоЖол» ЖШС БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, республикалық маңызы бар Орал – Тасқала (Оралдан РФ шекарасына дейін), Атырау – Орал ( Чапаевтан Атырау облысының шекарасына дейін), Чапаев – Жалпақтал-Казталов (Чапаев – Үштөбе) жолдары ашылды.

Ақтөбе
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты