Алматы әуежайына шабуыл жасағандар ұсталды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов бүлік кезінде Алматы әуежайына шабуыл жасағандардың ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жедел іс-шаралар кезінде Алматы қаласы Шаңырақ ықшам ауданында екі адам ұсталды. Олардан бес мың пистолет және автомат патрондары бар цинк жәшіктер, қорғаныс кеудешесі, қалқан, тізе қорғағыштар түріндегі арнайы құралдар, екі танкіге қарсы снаряд, тегіс ұңғылы қару, жеті пневматикалық винтовка, оның ішінде біреуі оптикалық көздегішімен және пневматикалық пистолет алынды.ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов

Сондай-ақ ол Алматы қаласындағы бүлік кезінде күдіктілер тобы жеңіл автокөлікпен «Оружейник» аңшы дүкеніне келіп, дүкеннің кіреберіс есігін сындырып, 15 тегіс ұңғылы қару мен 4 ойық ұңғылы карабинді, оның ішінде оптикалық көздегішті жымқырғанын атап өтті.

Күдіктілер ұрланған қаруды одан әрі сату мақсатында Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында арнайы жабдықталған орындарда заңсыз сақтаған.

Сонымен қатар тергеу барысында көрсетілген адамдардың Алматы қаласының әуежайын шабуылдауға және қиратуға қатысқаны анықталды.ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов

Еске салсақ, қаңтардағы бүліктен кейін әуежай бір апта бойы жұмыс істемеді. Осы уақыт ішінде қызметкерлер қираған жерлерді қалпына келтірді.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі