Қазір оқиға орнында тергеушілер тобы жұмыс істеп жатыр. Бүлінген көлік иелері де, көлік жөндеу орталығының иесі де тергеу аяқталғанша қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Полиция бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады, деп жазды astanatv.kz.
Техникалық қызмет көрсету бекеті қызметкерлерінің айтуынша, сол жерде 11 көлік болған. Оның жартысының газ-баллонды қондырғысы бар. Алдын-ана нұсқа бойынша, сондай қондырғының бірінен шыққан газ бен ауа аралас қоспа жарылған. Ақтөбе облысы ТЖД басшысының орынбасары Қайрат Қасым
Ақтөбе облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың мәлімдеуінше, аталған факт негізінде Ақтөбе облысының полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бап, 2-бөлігі «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Еске салсақ, 22 ақпан күні Ақтөбедегі «Әлтайыр» көлік жөндеу орталығында газ құрылғысы жарылып, оқиға орнынан күзетшінің мәйіті табылған еді.
Тақырып бойынша оқи отырыңыз: