Қарағандыда оқушыны ұрған кондуктор жұмыстан шеттетілді

Сурет: Видеодан үзінді
Желіде автобус ішінде кондуктордың оқушыны ұрып жатқан видеосы тарады. Болған жағдайға қатысты тиісті орган пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz

alashainasy.kz сайтының жазуынша, оқиға №56 автобуста болған. Кондуктор оқушыны Onay картасының орнына оқушыларға берілетін жол жүру куәлігін көрсеткені үшін жазғырған.

Оқиғаға қатысты Қарағанды қаласындағы жолаушылар көлігі секторының өкілі пікір білдірді. Оның айтуынша, балаға жұдырық ала жүгірген кондуктор жұмыстан шеттелді.

Кондуктордың кінәсі дәлелденген жағдайда, қызметкер жұмыстан босатылады. Сонымен қатар қалада электронды билет беру жүйесі енгізіліп жатқанын хабарлаймыз. Ол арқылы жол жүруге арналған тариф енгізілгеннен кейін жұмыстың кондукторсыз схемасы қамтамасыз етіледі.Қарағанды қаласындағы жолаушылар көлігі секторының меңгерушісі Асыл Түлеубаев
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз