Ұшақта электронды темекі тартқан әйел 150 мың теңге айыппұл төлейтін болды

Сурет: unsplash
Ұшақ бортында электронды темекі тартқан елордалық әйелге 150 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көліктегі полиция департаментінің басшысы Оңал Бекиевтің айтуынша, Нұр-Сұлтан әуежайындағы желілік полиция басқармасының кезекші бөліміне AirAstana әуе компаниясының өкілдерінен Дубай – Нұр-Сұлтан рейсінің жолаушылары арасында құқық бұзушы бар екені туралы хабарлама түскен.

Тексеру барысында көлік полицейлері ұшақта электронды темекі шеккен 46 жастағы азаматшаны анықтады. Көліктегі полиция қызметкерлері оған қатысты  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 441-бабының 1-2 бөліктері (Әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін тұтыну) бойынша әкімшілік хаттама толтырып, 50 АЕК көлемінде айыппұл салды.Көліктегі полиция департаментінің басшысы Оңал Бекеев

Оның айтуынша, дәл осындай жағдай Мәскеу – Нұр-Сұлтан рейсінің бортында да болған. 26 жастағы Өзбекстан азаматы да ұшақ бортында темекі өнімдерін тұтынғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылып, 50 АЕК көлемінде айыппұл арқалап кетіпті.

Еске салсақ, елімізде 1 АЕК – 3 063 теңге.

Нұр-Сұлтан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі