Саят Медеуов жансақтау бөліміне түсті

Сурет: instagram/sayat_medeuov_888
Әнші Саят Медеуов жол апатына түсіп, ауыр жарақаттанған. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz

Мұндай суыт хабарды әншінің әріптестері әлеуметтік желіде жазып жатыр. Ақбота Керімбекова да оқырманынан Саят Медеуов үшін дұға етуді сұрапты.

Cаят ұлдарыңыз жол апатына түсіп, ауыр жарақаттанып, жанымызды шүберекке түйіп отырмыз. Алладан амандығын тілеп қойыңызшы, ағайын!Ақбота Керімбекова

Композитор Рүстем Арсланов та Саят Медеуовтың денсаулығына тілектес болып, «Ағамыз аман-есен сауығып кетсін» деп жазды.

Әзірше жол апаты қайда және қашан болғаны белгісіз.

Айта кетейік, Саят Медеуов 4 наурыз күні болатын «Жан ана» концертіне қатысатын еді. Бұл туралы әншінің өзі де хабарлап, тыңдарманды Әйелдердің халықаралық күні қарсаңында болатын кешке шақырған еді. Сонымен қатар ақпан айында әншінің орындауында жаңа «Қара күз» деп аталатын әні жарыққа шықты.

Еске сала кетейік, Саят Медеуов 2017 жылы Алматы облысы Қарасай ауданының №14 округіне Мәслихат депутаты болып сайланған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді