Теңіз кен орнындағы алапат өрт сөндірілді

Сурет: pixabay
Атырау облысы Жылыой ауданы Теңіз вахталық қалашығында болған алапат өрт сөндірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті уақытпен сағат 16:40-та Теңіз кен орнындағы «Nasar Solution» ЖШС-нің ашық аумағында бір-біріне жақын тұрған 20 контейнер мен металл бөшкелерде, сондай-ақ, пластмасса ыдыстарда сақталған тез тұтанатын сұйық қалдықтар өртенді. Қызыл жалын жалмаған аумақтың жалпы ауданы - шамамен 2 800 шаршы метр.

«Car» маркалы жүк көтергіш техника жанып кетті. Жалын сағат 19:46-да оқшауланып, сағат 20:30-да сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шегушілер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Өртті сөндіруге ТШО-ның өрт сөндіру-апаттық құтқару қызметінің 17 қызметкері мен төрт техникасы, «COCR» ЖШС-нің алты қызметкері мен екі техникасы, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 12 қызметкері мен екі техникасы жұмылдырылды.

Аталған дерек бойынша Атырау облысы бойынша экология департаменті қазіргі уақытта "Nasar Solutions" ЖШС-не қатысты ҚР экологиялық заңнамасының талаптарын сақтау бойынша жоспардан тыс тексеру тағайындау туралы мәселені шешуде.Экология министрлігінің баспасөз қызметі

Тексеріс нәтижелері қосымша хабарланады.

Атмосфералық ауаның ластануын бақылайтын ең жақын орналасқан автоматты бекет қоршаған ортадағы ластаушы заттардың ШРК артуын тіркемеген.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді