Құтқарушылар аязды күні жоғалып кеткен адамды тапты

Сурет: Zakon.kz
Екібастұз құтқарушылары адасып кеткен тұрғынды тапты. Ер адамды іздестіруге үш адам және Шідерті кентінің №14 өрт сөндіру бекетінің бір техникасы жұмылдырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 1 наурызда сағат 21.20-да «112» пультіне ер адам хабарласып, көмек сұраған. Ол түнгі уақытта Шідерті ауылы маңындағы далада адасып кеткенін айтып, шаршап тұрғанын хабарлаған.

38 минуттан кейін құтқарушылар Шідерті ауылынан 10 шақырым жердегі Байет ауылының маңынан 1996 жылы туған ер адамды тапты.

Ер адамның Екібастұз қаласынан Шідерті кентіне келгені және Шідерті кентінен Байет ауылының жанындағы шаруашылыққа жаяу жеткісі келгені анықталды.Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті

Шідерті кентінің трассалық-медициналық құтқару пунктінің дәрігерлері ер адамды қарап, оны ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ екенін айтты.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды қысқы уақытта қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты