Нұр-Сұлтан тұрғыны құшақтасу арқылы телефон ұрлаған

Сурет: pixabay
Елорда тұрғыны түнде көшеде бір адамды құшақтап, оның қалтасынан телефонын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде ер адамның біреуді құшақтап тұрып оның телефонын ұрлаған видеосы тарап жатыр.

Ер адам кешке қарай қараңғыда танысымен далада тұрған. Содан кейін өтіп бара жатқан адамды байқап қалып, оны кездестіргеніне қуанып тұрғанын айтып, құшақтай жөнеледі. Сол сәтте бейтаныс адамның қалтасындағы телефонды ұрлаған. Телефонның маркасы – Huawei P20 lite.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

34 жастағы ер адам қазір қамауда. Полицейлер оның Нұр-Сұлтандағы осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексермек.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

7 сәуір – күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады