Жамбыл облысында екі жасар баланы пойыз басып кетті

Сурет: pixabay
Жамбыл облысында екі жасар баланы пойыз қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға кезінде екі жасар бала теміржол үстінде жалғыз болған.

Екі жасар баланы темір жолға жүгіріп шыққанда, өтіп бара жатқан пойыз қағып кетті. Қайғылы оқиға 2022 жылғы 4 наурызда сағат 17:52-де Жамбыл облысындағы Малдыбай станциясында орын алды. Қайғылы оқиға кезінде бала үлкендердің қарауынсыз қауіпті аймақта болған.«Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ баспасөз қызметі

Баланың отбасы темір жолға жақын жерде тұратыны мәлім болды.

Теміржолшылар темір жолдарда, вокзал платформаларында балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз