Алматыда кафе өртенді

Сурет: Zakon.kz
5 наурызда сағат 18:23-те қалалық ТЖД күштері мен құралдары Төле би көшесі, 207 үй мекен-жайындағы Shafran кафесіндегі өртті сөндіруге жұмылдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт сөндірушілер жоғары дәрежедегі дабыл белгісімен аяқтан тік тұрғызылды. Өрт оқпандары іске қосылды, өрт гидранттарына автоцистерналар орнатылып, судың үздіксіз жетуі қамтамасыз етілді. Өрт сөндіру үшін екі учаске белгіленді, екі өрт сөндіру автосатысы орналастырылды.

Көз түспейтін жерден от шыққан, кафенің шатырындағы жабынды аршып алынды. Дер уақытында қабылданған шаралардың нәтижесінде шатырды иектеген жалын жарты сағат ішінде оқшауланды, өртті сәтті оқшаулауға тепловизор ықпал етті. Оның көмегімен көзге көрінбейтін жердегі қызыл жалын тез анықталды. Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Өрт сағат 19:06-да толықтай сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жеке құрамнан 40-тан астам адам және 14 техника жұмылдырылды.

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді