Павлодар облысындағы республикалық тас жолды су шайып кетті

Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
Павлодар облысындағы Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ульяновский бағытындағы республикалық тас жолды су шайып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Qazaqstan телеарнасы жаңалықтар бөлімінің хабарлауынша, судың деңгейі көліктерге арналған бетон өткелді жауып тастау қаупі туғандықтан, мұнда елордадан қосымша техника шақыртылған. Әзірге көліктер айналма жол арқылы өтуде.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда, наурыздың 6-7 күндері қар күрт еріген. Соның салдарынан Баянауыл ауданының Құндыкөл, Жаңажол және Бірлік ауылдарын жанамалай қызыл су жүрген. Үйлер мен қора-қопсы судан аман. Жергілікті атқарушы орган арнайы штаб құрып, тасқын судан қорғану шараларын қабылдап жатыр.

Қазір қар суы бұзып кеткен 103-ші шақырымда жауапты мердігер жұмыс істеп жатыр.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді