Петропавлдық оқушы желіде қыз болып танысып, алаяқтық жасаған

Сурет: pixabay
16 жастағы жасөспірім әлеуметтік желіде жалған аккаунт ашып, адамдардан ақшаны қарызға алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Petropavlovsk.news хабарлауынша, Петропавлдың бірнеше тұрғыны интернеттегі алаяқтық туралы арызбен полицияға жүгінген. Олардың айтуынша, әлеуметтік желіде әлдебір тартымды қыз танысып, артынша қарызға ақша сұрайтын көрінеді. Сосын ол ақшаны қайтармайды екен. Ал келтірілген шығын көлемі 13 мың теңгеден 316 мың теңгеге дейін.

Қалалық криминалдық полиция парақшаның жалған екенін анықтады. Оны жасаушы кездейсоқ атау мен интернеттен алынған фотоларды пайдаланған. Тәртіп сақшылары күдікті – 16 жастағы жасөспірімнің ізіне түсті. Қазір ол ата-анасының кепілдігімен босатылды.

Бүгінде бұл іс бойынша төрт оқиға анықталды. Полиция зардап шеккендер санын нақтылап жатыр.

Аталған фактілер Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Қазақстан
Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме