Қазақстаннан 400 мыңнан астам долларды заңсыз алып шықпақшы болғандар тұтылды

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Екі сөмке толы доллар Алматы қаласының халықаралық әуежайында тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын орындау шеңберінде 15 наурызда шекарашылар Алматы қаласының халықаралық әуежайында елден 400 мың АҚШ долларынан астам ақша әкету әрекетінің жолын кесті, олардың бір бөлігі қос түбі бар сөмкеде тексеруден жасырылды. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

2022 жылы 25 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін ҰҚК Шекара қызметі 900 миллион теңгеден астам сомаға декларацияланбаған қолма-қол ақшаны елден алып шығудың алдын алды.

ҰҚК Шекара қызметі шетелге шығу кезінде құқық бұзушылықты болдырмау үшін ҚР қаржы заңнамасының талаптарын сақтау қажеттігін еске салады.

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі