Ақтаудың теңіз портына жарылғыш зат қойылғандығы туралы ақпарат тарады

Сурет: ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі
Наурыздың 18-і күні Ақтау теңіз портына жарылғыш зат қойылғандығы турары хабарлама түсіп, қызметкерлер мен жолаушылар эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz сайтының жазуынша, бұл ақпаратты теңіз порты мен Көліктегі полиция департаменті растады.

Сондай-ақ олар жарылғыш құрылғылар бар деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Қазір Ақтау порты штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша Маңғыстау стансасындағы желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Баптың санкциясында 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарын, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не болмаса сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы