Қолайсыз ауа райына байланысты 14 жол учаскесі жабылды

23 наурызда Нұр-Cұлтан-Щучинск тас жолы ұйытқыған боран мен айналаның көріну деңгейінің нашарлауына байланысты жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана әкімдігінің Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы хабарлағандай, 23 наурызда ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну) сағат 12.30-дан бастап республикалық маңыздағы Нұр-Сұлтан-Петропавл автожолында 18-231 шақырымындағы "Нұр-Сұлтан-Щучинск" учаскесіндегі жол көлік құралдарының барлық түрлері үшін жабылды.

Сонымен қатар, "Қазақавтожол" ЖШС мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанда 14 жол учаскесі жабылды.

Атап айтқанда:

  1. "Өскемен-Алтай-Рахман қайнары" тас жолының 46-66 шақырындағы Северное ауылы учаскесі, яғни Серебрянскке қарай бұрылатын жол 2021-2022 жылғы қысқы кезеңде Осинов асуындағы ауыр тау жағдайларына байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді;

  2. "Жезқазған-Петропавл" тас жолының 65-252 шақырындағы Жезді кенті – Қостанай облысының шекарасы учаскесінде 22 наурызда сағат 7.30-дан бастап Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, нашар көріну) автокөліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді;

  3. "Жезқазған-Петропавл" тас жолының 252-340 шақырымындағы Қарағанды облысының шекарасы – Арқалық жол учаскесінде 22 наурызда сағат 7.45-тен бастап Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты барлық автокөлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді;

  4. "Қызылорда-Павлодар" тас жолының 967-1135 шақырымындағы Қарағанды – Павлодар облысының шекарасы жол учаскесінде 23 наурызда сағат 11.30-дан бастап Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну) автокөліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді;

  5. "Қызылорда-Павлодар" тас жолының 1135-1206 шақырымындағы Қарағанды облысының шекарасы-Шідерті кенті жол учаскесінде 23 наурызда сағат 11.30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну) автокөліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді;

  6. "Жезқазған-Петропавл " тас жолының 377-440 шақырымындағы Қостанай облысының шекарасы – Державинск жол учаскесінде 23 наурыз сағат 12.00-ден бастап Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді;

  7. "Жезқазған-Петропавл" тас жолының 340-377 шақырымындағы Арқалық – Ақмола облысының шекарасы жол учаскесінде 23 наурызда сағат 12.00-ден бастап Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты автокөліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді;

  8. "Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті" тас жолының 16-200 шақырымындағы Нұр-Сұлтан-Павлодар облысының шекарасы жол учаскесінде 23 наурызда сағат 12.30-дан бастап Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну) автокөліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді;

  9. "Нұр-Сұлтан-Петропавл" тас жолының 18-231 шақырымындағы Нұр-Сұлтан – Щучинск жол учаскесінде ("ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ Ақылы жолдар дирекциясының учаскесі) 23 наурызда сағат 12.30-дан бастап Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну) автокөліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді;

  10. "Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті" тас жолының 200-254 шақырымындағы Ақмола облысының шекарасы – Шідерті кенті жол учаскесінде 23 наурызда сағат 12.30-дан бастап Павлодар облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну) автокөліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді;

  11. "Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау" тас жолының 16-51 шақырымындағы Нұр-Сұлтан - Қарағанды облысының шекарасы жол учаскесінде 23 наурызда сағат 12.45-тен бастап Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну) автокөліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді;

  12. "Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау" тас жолының 51-266 шақырымындағы Ақмола облысының шекарасы – Теміртау жол учаскесінде 23 наурызда сағат 12.55-тен бастап Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты Ақмола облысындағы автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді;

  13. "Макинск-Ақсу-Торғай" тас жолының 0-240 шақырымындағы Макинск учаскесі-Торғай кенті жол учаскесінде 23 наурызда сағат 12.45-тен бастап Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді;

  14. "Нұр-Сұлтан-Қорғалжын" тас жолының 19-180 шақырымындағы Нұр-Сұлтан-Қорғалжын қорығы жол учаскесінде 23 наурызда сағат 12.45-тен бастап Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: