Алматы облысының тәртіп сақшылары жүргізушілерге ескерту жасады

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының полиция департаменті ауа райының бұзылуына байланысты жүргізушілерден алыс сапарға шықпауды сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысының жол сақшылары ауа райының өзгеруіне байланысты жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген тәртіпте қызмет атқарып жатыр.

Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты тұман қоюланып, республикалық маңыздағы Алматы-Өскемен тас жолында көру мүмкіндігі нашарлады. Осыған орай, Сіздерден қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды, әсіресе жылдамдық тәртібін асырмауды және көлік арасындағы арақашықтықты бұзбауды сұраймыз. Тұман салдарынан түрлі жол-көлік апаттары орын алып жатқанын білесіздер! Тұманда жол жүрсеңіз, мұқияттылығыңызды арттыру қажет. Алматы облыстық ПД
Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз