Алматыда қару-жарақ дүкенін тонаған тағы екі адам ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Алматыда полицейлер «Камерад» қару-жарақ дүкенін тонаған тағы екі адамды ұстады. Олар Алматы облысының тұрғындары болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ұсталғандар 27 және 28 жаста, олардың бірі бұған дейін де ұрлық жасағаны үшін сотты болған.

Олар қару-жарақ дүкеніне қаңтар оқиғасы кезінде, яғни қаңтардың 5-інен 6-сына қараған түні түскен. Ол жақтан бес тал тегіс ұңғылы мылтық, патрондар мен оқ өтпейтін кеудешені қолды қылған.

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заттай айғақ алынды. Қылмыстық істі Әуезов ауданы полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімшесі ҚР Қылмыстық кодекстің 291-бабының 3-бөлімі бойынша тексеріп жатыр.Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков

Қазір ұсталғандардың басқа да, соның ішінде жаппай тәртіпсіздіктер кезінде жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз