ШҚО-да ағылшын тілі курсы кабинетінен 11 келіден астам есірткі тәркіленді

Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі
Семей қаласы полиция басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен білім беру орталықтарының бірінің ағылшын тілі кабинетінде Алматы қаласының 36 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқу бөлмесін тінту кезінде еденнен ішінде өсімдік тектес жасыл түсті заты бар полиэтиленді түйіншек салынған картон қорап табылды. ШҚО ПД баспасөз қызметі

Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, сараптама қортындысы тәркіленген зат «кептірілген марихуана» екенін көрсеткен. Оның жалпы салмағы 11, 5 келіден асады.

Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі – «Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.ШҚО ПД баспасөз қызметі

Бұл баптың санциясы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады