Су тасқыны: Сағыз ауылының тұрғындары үйіне қайтты

Сурет: Атырау облысының коммуникация қызметі
Атырау облысы Сағыз ауылында Ноғайты өзеніндегі тасқын басылып, қауіп сейілді. Тұрғындар үйіне қайтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

30 наурызда Қызылқоға ауданына қарасты Сағыз ауылы арқылы өтетін Ноғайты өзенінде тасқынның салдарынан бұл елді мекендегі 20-дан астам үйді су басу қаупі төнген еді. Бұл үйлердің тұрғындары уақытша эвакуацияланды. Бірде-бір үй немесе ферма тасқыннан зардап шеккен жоқ.

Су тасқыны қаупі сейілген соң барлығы үйіне қайтты.

20-ға жуық техника жұмылдырылды. Әкімдік қызметкерлері, ауыл тұрғындары, басқа да ұйымдардың өкілдері және еріктілер – барлығы 200-ден астам адам бірге жұмылды. Су тасқыны болуы мүмкін жерлерге олар құм дорбаларынан бөгет пен топырақ қорған салды.Атырау облысының коммуникация қызметі

Сурет: Атырау облысының коммуникация қызметі

Тұрғындардың айтуынша, Ноғайты өзенінде мұндай тасқын бұрын-соңды болмаған. Биыл ақпан айынан бастап үшінші рет су тасып жатыр.

Қазір Сағыз ауылында облыс әкімі Нұрсұлтан Бисембиев бастаған арнайы штаб жұмыс істеп жатыр. Жағдай тұрақты бақылауда.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды