Алматыда әуежайға және алты нысанға «жарылғыш зат қойылды» – Полиция департаменті

Сурет: Telegram
Алматыда бірнеше нысанға «бомба қойылды». Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, қазір қалалық жедел қызмет «жарылғыш зат қойылды» деген нысандарды тексеріп жатыр.

Таңертең жеті нысанда жарылғыш құрылғылар орнатылғаны туралы ақпарат тарады. Үш нысан тексерілді. Ақпарат жалған болып шықты. Қалған нысандар тексеріліп жатыр.Салтанат Әзірбек

Оның айтуынша, саперлар нысандарды арнайы техника арқылы тексеріп жатыр.

Алгоритм бойынша, нысандарға келушілер мен қызметкерлер эвакуацияланады. Азаматтардан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз. Салтанат Әзірбек

Алматы полиция департаментінің ресми өкілі жеті нысанға мина қойылғаны туралы хабарланғанын айтты.

Жеті нысан бойынша: үш банк тексерілді, ақпарат расталмады; екі сауда үйі, Алматы халықаралық әуежайы және оқу орны. Салтанат Әзірбек
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз