Polisia.kz-тің хабарлауынша, бұл үй былтыр қазан айында жас жігітке ай сайын 300 мың теңгеге жалға берілген. Рұқсат етілген тінту кезінде үйден ұнтақ және кесек түріндегі заттар, химиялық заттар салынған пластик ыдыстар, сұйықтығы бар колбалар, электронды таразылар және мефедрон синтетикалық психотроптық затын өндіру кезінде қылмыскерлер пайдаланған басқа да заттар тәркіленді.
Есірткі шығаруға жауапты – 23 жастағы О.есімді азамат. Аяқталмаған медициналық білімі бар жас жігіт есірткі өндірісін жолға қойған.
Жалпы есірткі зертханасынан бірнеше келі кептірілген заттар тәркіленді. Олардың түсі әртүрлі: ақ, қара, жасыл, қоңыр. Бір қаптама қоңыр түсті “шөптің” салмағы шамамен 160 грамм, ағынан – 500. Бұлар дайын өнім және оны дозаға бөліп, орау керек болған.
Жертөледен табылғанның бәрі: сұйық, кристалды және ұнтақ күйінде сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
Полиция қызметкерлері жедел түрде есірткі бизнесіне тағы бес адамның қатысы бар екенін анықтады, олардың екеуі – 23 және 19 жастағы қыздар. Олар Түркістан және Алматы облыстарынан келген. Олардың міндеттеріне дайын есірткілерге бетбелгі қою кірді. Күдіктілер қамауға алынды.
Қылмысты ұйымдастырушының айтуынша, ол Telegram-дағы куратордың нұсқауымен әрекет еткен. Зертханаға арналған құрамдас бөліктерді Алматы облысы Талғар ауданы аумағындағы бетбелгілер арқылы алған. Бір аптада ол 2-3 келіге жуық синтетикалық есірткі жасаған. Жұмысы үшін биткоинмен апта сайын 280 мың теңге көлемінде қаражат алып отырған. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген заттар жалпы салмағы 4 келіден асатын “А-PVP” синтетикалық есірткі заты, мефедрон – 312 грамм және 15 литр тулуол (прекурсор). Шикізат бағасы – 150 млн теңгені құрайды, – деді Әбілбеков.