ШҚО-да көшелер мен ашық аумақтардан 13 мың текше метр қар суы сорып алынды

Сурет: ШҚО ТЖД
Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқыны қаупі бар учаскелерде алдын алу шараларын жүргізу шеңберінде құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың жұмысы алдын ала ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

1 сәуірде сағат 10-00-ден 20-00-ге дейін Бесқарағай ауданында ТЖД және ЖАО құтқарушыларының күшімен көшелер мен ашық аумақтардан еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілді, барлығы 13095,2 текше метр су сорып алынды.

Ауқымды шараға ШҚО ТЖД 20 қызметкері және төрт техника, төрт мотопомпа, ЖАО тарапынан сегіз қызметкер және үш техника жұмылдырылды.

ШҚО ТЖД азаматтарға мынандай кеңес береді:

Эвакуация жағдайында:

Төтенше жағдай кезінде "112" шұғыл байланыс желісіне хабарласуға болады

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты