Шығыс Қазақстан облысында жүк пойызының 18 вагоны рельстен шығып кетті

Сурет: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысының Өскемен – Күмістау теміржол учаскесінде жүк пойызының 18 вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, руда тиелген екі вагон Ресей Федерациясының меншігі болса, шлак тиелген 16 вагон «КазцинкТемірТранс» ЖШС-не тиесілі.

2022 жылғы 3 сәуір 12 сағат 04 минутта Шығыс Қазақстан облысының Өскемен – Күмістау теміржол учаскесінде жүк пойызының  18 вагоны рельстен шығып кетті. Пойыз сағатына 37 км жылдамдықпен жүрген. «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ баспасөз қызметі

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ведомствоның хабарлауынша, жолаушы және жүк пойыздарының кідірісі болған жоқ. Қазір вагондарды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Болған жағдайдың себеп-салдарын тексеріп-анықтау үшін компания басшыларынан комиссия құрылды.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды