Алматы әуежайында жалаңаш жүрген ер адам ұсталды

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Көліктегі полицейлер Алматы әуежайында жалаңаш ер адамды ұстады. Медициналық сараптама оның қызу болғанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тексеру кезінде бұл ер адамның 6 сәуір күні сағат 00:10-да тыр жалаңаш шешініп, Алматы әуежайының ұшып келу терминалының қоршауына өрмелеп шығып, ұшып-қону жолағына қарай жүгіргені белгілі болды. Оны сол жерде Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ұстады. Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі

Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, қамауға алу кезінде ер адам дөрекілік танытқан.

Оған қатысты бірден үш бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылды: Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабы («Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу»), 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») және 564-бабы («Әуежайлардың, аэродромдардың аумағында тиісті рұқсатсыз жүру»). Көліктегі полиция департаменті

Әкімшілік материалдар сотқа жолданды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты