Шымкент әуежайына «жарылғыш зат қойылды»

Сурет: primeminister.kz
Шымкент әуе айлағына «жарылғыш зат қойылды». Осындай хабарлама түнгі сағат 02:00-де түскен. Содан кейін жолаушылар мен қызметкерлерді эвакуациялау басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar.kz Telegram арнасының хабарлауынша, полиция мен Ұлтық қауіпсіздік комитеті қалалық департаменті әуежай қызметімен бірлесіп, арнайы іс-шаралар өткізген.

Әуежай терминалы эвакуацияланды. Тексеру жүргізілді, ақпарат жалған болып шықты, – делінген хабарламада.

Қазір Шымкент әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Еске салайық, 31 наурызда Қазақстанның полициясына әртүрлі қалалардағы нысандарда «жарылғыш зат қойылды» деген ондаған хабарлама келіп түскен. Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы басталды.

Алматыда үш банк, екі сауда үйі, әуежай мен оқу орны, Нұр-Сұлтанда екі автосалон мен екі сауда үйі, Қарағандыда көліктерге қызмет көрсету орталығында «жарылғыш зат қойылды» деген хабарламалар болды.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды