Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысының полиция департаменті бастығының орынбасары бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өз араларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзара ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп, Павлодар облысының полиция департаменті басшысының орынбасарын бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұстадық. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі

Біріккен жедел тергеу тобы құрылып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу мүддесіне орай басқа мәліметтер жарияланбайды.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз