Ақтөбе облысында жасөспірім әкесінің көлігін айдап, аударылып қалды

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе облысында мектеп оқушысы ата-анасынан көлікті рұқсатсыз алып кетіп, аударылып қалды. Кәмелетке толмаған жүргізуші мен оның жолаушысы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 7 сәуір күні Кеңқияқ-Сарқұл тас жолының 1 шақырымында болған. 9-сынып оқушысы рұқсатсыз әкесінің көлігін алып, сыныптасымен бірге үлкен трассаға шыққан.

Темір ауданына қарасты Кеңқияқ ауылы бағытында Сарқұл ауылынан келе жатқан «Лада Гранта» көлігінің кәмелетке толмаған жүргізушісі рульді басқара алмай, аударылып кеткен. Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Полицияның хабарлауынша, 15 жастағы оқушы пен оның қасындағы жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді