Павлодарда сәбидің қабырғасын сындырған жедел жәрдем қызметкерлері тексеріліп жатыр

Сурет: Zakon.kz
Сәби ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болған жайт туралы бір жарым жасар баланың анасы Іnstagram әлеуметтік желсіндегі парақшалардың бірінде жариялаған, деп жазды Pavlodarnews.kz.

Сәуірдің 6-сы күні сағат 21:03-те жедел жәрдем шақыра бастадым, себебі құрысу белгілерінен кейін баламның жүрегі тоқтап қалды. 5 минуттан кейін ғана қоңырауды алды. Мұндай жағдайды ескеретін болсақ, бұл – өте ұзақ. Олар шынымен де тез жетті, бірақ қандай науқасқа келе жатқанын біле тұра, жиналмай келген. Оттегі болмады, бұдан кейін шұғыл көмек көрсету үшін қалған құралдарды алуға қайтадан үш рет төмен түсті. Қанша уақытты жоғалтып алды, – дейді жазбаның авторы.

Оның айтуынша, алғашқы көмек көрсету кезінде баланың қабырғасын сындырып алған. Бұған қоса, ауруханаға бара жатқанда бала басымен құлаған.

Бүгінгі таңда балам ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Жедел жәрдем бригадасының салғырттығына шара қолдануыңызды өтінемін, – дейді сәбидің анасы.

Облыстық жедел жәрдем станциясында бұл шағымға қатысты арнайы комиссия құрылып, тексеріс басталғанын хабарлады.

Жедел жәрдем бригадасының әрекетіне баға беріледі. Оның шынымен қабырғасы сынғаны анықталды.
Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты