Қырғыз азаматы Қазақстанға 23 келі есірткі алып өтпекші болды

Сурет: Қырғыз Республикасы МҰҚК
"Кең-Бұлұн" бақылау-өткізу пунктінің шекарашылары Қырғызстаннан Қазақстанға 23,5 келі есірткі алып өту әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

24kg мәліметінше, "Кең-Бұлұн" БӨП-не 38 жастағы қырғыз азаматы тізгіндеген DAF XF510 автокөлігі келіп тоқтады. Жүк көлігінің тіркемесін тексеру кезінде қызметтік ит белгі беріп, шекарашылар тінту жүргізді.

Тіркеменің алдыңғы бөлігіндегі еден қаптамасы ашылып, солидолға малынып, фольгамен оралған 24 брикеті бар екі орама табылды. Олардың ішінен белгілі бір иісі бар қоңыр зат шықты. Алдын ала ақпарат бойынша, бұл — ауған чарсы. Есірткінің жалпы салмағы 23,5 келіні құрады.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды