Алматыға Минсктен келген ұшаққа «жарылғыш зат қойылған»

Сурет: Zakon.kz
Belavia ұшағының бортында 171 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болған. Ұшақ Алматыға аман-есен қонды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әуежайының электрондық поштасына Минск – Алматы бағытында ұшып келе жатқан ұшақ бортында жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті.

Бортта 171 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған.

Ұшақ 3:59-да аман-есен қонды.

Алматы әуежайының баспасөз қызметі ұшаққа жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түскеннен кейін төтенше жағдай жоспарына сәйкес кешенді тексеру жүргізілгенін мәлімдеді.

Әуе кемесіне мина қойылғаны туралы ақпарат расталмады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды