Алматыда біліктілік тестін тапсыру кезінде мұғалім қайтыс болды

Сурет: pixabay
Алматыда біліктілік тестін тапсыру кезінде қайғылы оқиға болды – тест тапсырушы қайтыс болды. Ақпаратты қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Алмалы ауданында болған. Біліктілік сынағы кезіндегі төтенше жағдай туралы оқырманымыз хабарлады.

Жағдайы нашарлаған кезде ғимаратта тіпті дәрігер де болмады, – деп жазды оқырманымыз.

Сондай-ақ оқиға орнынан түсірілген видео Instagram-дағы парақшалардың бірінде жарияланды.

Куәгердің айтуынша, қайғылы оқиға Алматыдағы көлік және логистика академиясында мұғалімдердің біліктілік тесті кезінде болған.

Ешқандай алғашқы көмек көрсетіле алмады. Жедел жәрдеп келгенше адам қайтыс болып кетті, – деді куәгер.

Zakon.kz редакциясы Алматы полиция департаментіне сұрау салды, дерек расталды.

1973 жылы туған азаматтың өлімі фактісі Алмалы аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді