Түркістан облысында 10 алаяқтық жайтына қатысы бар келіншек ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Тұрғындарға жалпы келтірілген шығын 3 миллион теңгеге жуық, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Қазығұрт АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтықтың құрбаны болғаны туралы шағым түсірген. Ауыл тұрғынының айтуынша, оның үйіне бейтаныс адам келіп, әлеуметтік көмек алып бере алатынын айтып, ұсыныс білдірген. Осылайша мемлекеттен «миллион теңге әлеуметтік көмек алып беремін» деген сөзіне сенген тұрғын, оған 350 000 теңге ақша берген. Алайда айтылған уәде орындалмаған.

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде күдіктінің жеке-басын анықтап, ұстады. Ол Шымкент қаласының тұрғыны, бұрын сотты болған жас келіншек болып шықты. Күдікті әйелдің бұдан басқа осындай 9 алаяқтық жайтына қатысы бары расталды. Жалпы тұрғындарға келтірілген шығын 3 миллион теңгеге жуық. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Полицейлер түркістандық келіншек бұдан да көп адамды алдап соққаны мүмкін екенін атап өтті. Осыған орай сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауда.

Түркістан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі