«AlanParking» ЖШС бас директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынды

Сурет: Instagram/almaty.parking
Алматыда «AlanParking» ЖШС бас директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынды. Бұл туралы Алматы қалалық соты мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды.

Екі ай мерзімге қамауға алуды санкциялау туралы шешім қабылданды. Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі

Бұл ретте сот Мұхтар Базарбаевтың қандай күдікке ілінгенін нақтыламады.

«AlanParking» ЖШС – «СПК Алматы» АҚ жер телімдерінде жұмыс істейтін платформалық ақылы автотұрақтардың операторы. Бұл ақылы автотұрақ жүйесінің жұмысын қамтамасыз етуге арналған сервистік компания.

21 желтоқсанда «RR2» ЖШС Алматыдағы ақылы автотұрақтардың операторы «AlanParking» ЖШС-нің (бұрын мемлекетке тиесілі «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ) 30% акциясын сатып алды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы