Ақмола облысында музыкант жоғалып кетті

Сурет: Ақмола облысының полиция депаратменті
Ақмола облысында полицейлер жоғалып кеткен 26 жастағы музыкантты іздеп жатыр. 14 сәуірде ол үйінен шығып, сол бойы оралмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

14 сәуір күні сағат 22:10-да полицейлерге ұлын табуға көмек сұраған азаматтан арыз түсті.

Ер адам 14 сәуір күні сағат 16:00 шамасында ұлының үйден белгісіз бағытта шығып кеткенін және осы күнге дейін оралмағанын айтты.

Жоғалған азаматтың әкесінің айтуынша, ол бұрын үйден бірнеше рет шығып кетіп қалған, бірақ отбасында жанжал болмаған.

Жоғалған адамды табу үшін полиция қызметкерлері мен еріктілерден тұратын алты іздеу тобы құрылды. Державинск қаласында, жақын маңдағы елді мекендерде, Есіл өзенінің жағасында және басқа жерлерде жоғалған адамның орнын анықтау бойынша іздестіру жұмыстары жүргізілді. Ақмола облысының полиция департаменті

Жоғалған адамды іздеу жұмысы әлі тоқтаған жоқ.

Жоғалған адамның белгілері: бойы – 175-180 см, азиат, арықша келген жігіт. Үстінде: қара күрте, ақ футболка, сұр джинсы және қара түсті кроссовка.

Хабар-ошарсыз кеткен азаматты көрген-білгендер болса, 102 нөміріне хабарласуын сұраймыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты