Түрмеден қашуға оқталған сотталушыны тоқтату үшін оқ атуға тура келді

Сурет: ҚР Ұлттық ұланның баспасөз қызметі
Кезекші қызмет қызметкерлері сотталушыны тыйым салынған ішкі аймақтан ұстады. Мән-жайларды анықтау үшін тергеу-жедел іс-шаралары қолға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

16 сәуірде шамамен сағат 12:30 шамасында Павлодар қаласының ҚАЖ-24 мекемесінде учаскелердің бірінде сотталушы ішкі тыйым салынған аймаққа бақылаушылардың ізімен кіріп кеткен, деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Сотталушының қашуға талпыныс жасаған әрекетін байқаған кезекшіліктегі сарбаз оған ескерту жасап, дабыл тетігін басты. Содан кейін болған жайды сарбаз күзет бастығына баяндап, ауаға ескерту сипатында оқ атты.

Сотталушы тыйым салынған ішкі аймақтан ұсталды. Мән-жайларды анықтау үшін жедел-тергеу іс-шаралары қолға алынды.

Сондай-ақ, Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және ҚР Ұлттық ұланының 6679 әскери бөлімінің командирімен бірлескен қызметтік тергеу басталды.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев бірден төрт заңға қол қойды

"Заң мен тәртіп": Оралда есірткіге қарсы күрес күніне орай ауқымды іс-шара өтті

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Қазақстан колледждеріне құжат қабылдау мерзімі жарияланды: 140 мың грант бөлінген