Ақтөбе облысында өртенген пәтерде есінен танып жатқан зейнеткер құтқарылды

Сурет: Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі
Құтқарушылар жанып жатқан пәтер ішінен есінен танып қалған 65 жастағы ер адамды алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, төтенше жағдай 19 сәуірде орын алды.

Сағат 23: 50-де Хромтау ауданының №20 өрт сөндіру бөлімінің пультіне бес қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірі отқа оранғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер бірінші қабаттағы пәтердің жиһазы мен үй заттары отқа оранғанын анықталды. Өрт сөндірушілер 65 жастағы пәтер иесін құтқарды, делінген хабарламада.

Оқиға орнында зейнеткерге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, дәрігерлерге тапсырылды.

Сондай-ақ, 20 адам, оның ішінде сегіз бала эвакуацияланды.

Өрт аумағы 10 шаршы метрді құрады.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды