Нұр-Сұлтанда көмір қоймасынан 42 келіден асатын есірткі заты табылды

Сурет: Zakon.kz
Нұрс-Сұлтан қаласының полицейлері жүргізген арнайы операция кезінде елорда аумағында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу «арнасы» жойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мичурино кентіндегі жеке үйде көмір сақтауға арналған шаруашылық құрылыстарын тінту кезінде салмағы 42 келіден асатын «марихуана» есірткі заты бар 4 қап табылды. 53 жастағы үй иесі тыйым салынған қаражатты заңсыз иеленуге қатысы барын жоққа шығарды. Жеке тінту кезінде оның жанынан «гашиш» есірткі заты табылды.Нұр-Сұлтан қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметі

Полицейлердің мәлімдеуінше, үйді тінту барысында қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен дәретханадан сатуға дайындалған салмағы 234 грамм «гашиш» есірткі заты бар 35 түйіншек табылды.

Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 42,5 келі болған. Бұл жағдайда алынған есірткі құралдарының саны есірткіні тұтыну үшін 8.500 бір реттік дозаны құрайды, олардың «қара нарықтағы» құны 25 млн теңге.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, күдікті полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Елорда аумағында есірткі жеткізуге және өткізуге қатысы бар басқа күдіктілер анықталуда. Нұр-Сұлтан қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметі
Нұр-Сұлтан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды