Түркістан облысында елді мекендерді су алып, 50 адам эвакуацияланды

Сурет: Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі
Сарыағаш, Қазығұрт аудандарында жауған жауын-шашын әсерінен көшелерді, аула аумақтарын су басу жағдайлары тіркелді. ТЖД қызметкерлерінің көмегімен жаңбыр суын сору жұмыстары жүріп жатыр, жеп хабарлайды Zakon.kz.
2022 жылдың 24 сәуірінде Түркістан облысында қатты жауын-шашын салдарынан Қазығұрт ауданының 4 елді мекенінде және Сарыағаш ауданының 1 елді мекенінде 53 үйдің ауласына, 18 үйдің, 1 тойхананың, 16 шаруашылық құрылыс нысаныың ішіне су кірген. Су басқан аумақтардан 50 адам эвакуацияланып, барлығы туыстарының үйлеріне жіберілген. Үй жануарлары шығыны бар, саны анықталып жатыр.Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ведомствоның хабарлауынша, жергілікті атқарушы және төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері тарапынан аумақтан су сорып шығару жұмыстары жүріп жатыр.

Жұмысқа ТЖ Төтенше жағдайлар департаментінің 56 қызметкері, 9 бірлік техника, 11 мотопомпа және жергілікті атқарушы органдардың 19 қызметкері, 6 бірлік техника, 2 мотопомпа тартылып, суды сору және арықтарды тазалау жұмыстары жүріп жатыр.

Көшелерді, үйлердің аулаларын су басу фактісіне байланысты аудан әкімдігінің жедел желісі іске қосылып, тұрғындар тарапынан хабарламалар түскен жағдайда шұғыл іс-шаралар атқарылып жатыр. Түркістан облысы әкімнің баспасөз қызметі

Сурет: Түркістан облысы ТЖД баспаөз қызметі

Шымкент
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты