Бұған дейін Алматы әуежайына жасалған шабуыл туралы хабарлаған едік. Осы жерде кейбір қылмыскерлердің рөлін нақтылай кеткенді жөн көрдік. 2022 жылдың 5 қаңтарында Н. бір топ адаммен Алматы әуежайының ұшу-қону жолағындағы жарықты өшірген.Бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов
Тергеушілердің айтуынша, Н-ның әрекеті стратегиялық нысанның қызметін тоқтатқан. Салдарынан жолаушылар мінген ұшақ көтеріле алмай, 10 сағаттан астам қуатсыз ұшу-қону жолағында тұруға мәжбүр болған.
Ол кезде Алматы әуежайы ғимаратында қарулы топ тәптіпсіздік жасап, заттарды тонап жатқан. Н-ның әрекеті Қылмыстық кодекстің 255-бабы терроризм актісі бойынша сарапталған. Оның тәртіпсіздікке қатысуы жиналған дәлелдердің жиынтығымен расталады.Елдос Қилымжанов
Басшының орынбасары жаппай тәртіпсіздіктер мен лаңкестік әрекеттердің Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында жасалғанын еске салды.
Қилымжановтың айтуынша, жедел-тергеу топтары әр облыста тергеу жұмысын жүргізіп, аяқталған соң қылмыстық істер сотқа жіберіледі. Мысалы, бүгінде тергеу органдарымен осы санаттағы 5041 қылмыстық іс, оның ішінде 49 іс жаппай тәртіпсіздік, 45 іс терроризм актісі бойынша тергеліп жатыр.
Шымкент қаласының прокуратурасы тонау, мүлікті жою және көліктерді өртеп жіберу (жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін) бойынша 8 күдіктіні сотқа берді. Қызылорда облысында осыған ұқсас айыптар бойынша 7 тұлғаға қатысты кінәні мойындау туралы процестік келісім түріндегі процессуалдық келісім жасалып, істер сотқа жолданды.
Бас прокуратураның өкілі күдікті өзіне тағылған айыпты, қолда бар дәлелдемелерді, келтірілген зиянды дауламаса және жазаның түрі мен мөлшерімен келіссе, онымен процестік келісім жасалатынын – мұндай істер сотта қаралатынын түсіндірді. Сотта мұндай істер он тәуліктен аспайды және жазаның мөлшері осы баптың ең жоғары мерзімінің жартысынан аспауы керек.
Оның айтуынша, аталған рәсім аясында 3 адамға үкім шығарылып, оған сәйкес бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалар тағайындалған.
Жалпы қаңтар оқиғасына байланысты сотқа 265 қылмыстық іс жолданып, олар бойынша 243 тұлға сотталды. Қазір 585 күдікті қамауда отыр.