Алматыда «Kcell Solutions» ЖШС-нің бұрынғы қаржы директоры сотталды

Сурет: Zakon.kz
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті жалған қаржылық құжаттарды жасап, өзіне заңсыз аванс тағайындап келген «Kcell Solutions» ЖШС-нің бұрынғы қаржы директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz
Айыпталушы 2018-2021 жылдар аралығында 5 компанияның есеп айырысу шотына жіберу арқылы ақша жымқырған, сонымен қатар өзіне 467 миллион теңгеден астам қаржыны заңсыз аударған.ҚМА баспасөз қызметі

Агенттіктің мәлімдеуінше, компанияның бұрынғы қаржы директоры ұрланған қаржыны Алматыдағы букмекерлік кеңселерге ұтқызған.

Оны 10 жыл мерзімге материалдық жауапкершілігі бар басшылық қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚМА баспасөз қызметі
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз